Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Чехия астанасы Прага қаласында өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогында Шерзод Давлатов жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда Франция өкілі Мотоли Бонгамбе Янді уақытынан бұрын тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Дәл осы салмақта Нұрәділ Әлжан ел қоржынына қола жүлде салды. Жұбаныш финалында ол тағы бір командаласы Сұңғат Нұратұлынан басым түсті.
Еуропа кубогіне 38 елден 412 татами шебері қатысып жатыр. Жарыс 28 маусымға дейін жалғасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!