Фото: olympic.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 457-ракеткасы Денис Евсеев Брашов (Румыния) челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Іріктеу сайысында 8-ракетка болып тіркелген қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін румыниялық Ян Патрик Синескумен өткізді.
Қос партия да 6:3 есебімен Д.Евсеевтің пайдасына шешілді.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Евсеев 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Румыниялық спортшы 2 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.
Денис Евсеев іріктеу сайысының финалында әлемнің 310-ракеткасы, жапониялық Акира Сантильянмен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!