Фото: Eagle FC

Жартылай ауыр салмақта (93 кг дейін) өнер көрсететін қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы ақпарат Tobet Top Team спорт клубының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биылғы жылдың қыркүйегінде UFC ұйымымен келісімшартқа отыру құқығына таласу үшін қазақстандық жекпе-жек шебері жекпе-жек шоуына қатысатыны хабарланды. Спортшының қай күні өнер көрсететіні белгісіз.

27 жастағы Нұрғожайдың қазіргі кәсіби рекорды 9-0. 2022 жылы ол Хабиб Нурмагомедов атындағы Eagle FC MMA лигасының қазақстандық бірінші абсолютті чемпионы атанды.

Айта кетейік, мамыр айында Дияр UAE Warriors промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, онда ол бұрынғы UFC файтері аргентиналық Эмилиано Сордиді екінші раундта нокаутқа түсірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!