Супер орта салмақта WBC және WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңетініне сенімді, деп жазады Prosports.kz сайты.
«Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ. Оны екі мәрте жеңдім. Ешкімге ұсыныс жасамаймын.
Мақсатым – 168 фунт салмақта барлық титулды жеңіп алу. Қазір нағыз бабымдамын. Егер үшінші мәрте қолғап түйістірсек, оны нокаутқа түсіре аламын», – деді Альварес.
Головкин мен Канелоның алғашқы жекпе-жегі (2017 жылдың қыркүйегінде) тең нәтижемен аяқталған еді. Ал екінші кездесуде (2018 жылдың қыркүйегінде) мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Сондай-ақ Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгия арасында жекпе-жекке қатысты келіссөздер басталаған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!