Пәкістанда көмір шахтасы опырылып түсті. Оқиға салдарынан 34 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік басылымға сілтеме жасап. 

«Белуджистан аймағындағы көмір шахтасының опырылуы салдарынан қайтыс болғандардың саны құтқарушылар үйінді астынан тағы 6 адамның денесін шығарғаннан кейін, 34-ке дейін өсті», – деп хабарлады жергілікті басылым төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Бастапқыда 8 адамның көз жұмғаны туралы хабарланды. Шахта иесінің мәліметінше, оқыс жағдайға метанның жарылуы себеп болуы мүмкін. Оқиға болған уақытта шахта астында 42 жұмысшы болған. Қазіргі таңда үйінді астында қалған кеншілерді құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!