​Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында суға кеткен жасөспірімнің мәйіті құтқарушылардың көмегімен судан шығарылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 19 шілде күні Бостандық ауылынан бес шақырым жердегі жасанды қазаншұңқырда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2010 жылы туған жасөспірім шомылуға тыйым салынған су айдынына түскен.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен құтқарушылар жасөспірімнің денесін судан шығарып алған.

Ведомство тұрғындарды тек рұқсат етілген жағажайларда шомылып, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!