Фото: mma.metaratings.ru
Кәсіби боксшы Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті (ҰОК) президенті қызметіне ұсынылды, – деп жазады Aikyn.kz.
Vesti.kz сайтының мәліметінше, 14 ақпанда ҚР ҰОК Тәуелсіз комиссиясының отырысы өтіп, ол жерде президенттікке үміткерлерді ұсыну формалары қарастырылды.
Бұған дейін БАҚ бетінде Головкин ҚР ҰОК-ты басқаруы мүмкін екені бірнеше рет жазылған еді. Ал кеше Тимур Құлыбаев Комитеттің құрметті президенті қызметін босатқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!