Танымал файтер Хамзат Чимаев қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновқа қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Чимаев алдағы уақытта Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін жоққа шығармады. 

«Шавкат Рахмонов – жақсы файтер», – деп қысқа қайырды Хамзат алдағы жекпе-жектеріне сілтеп. 

Айта кетейік, 2022 жылдың сәуірінде Чимаев пен Рахмонов арасында жанжал туындаған еді. Бастапқыда отандасымыз танымал файтердің қарым-қабілетіне көңілі толмайтынын мәлімдеді. Кейін Чимаев Рахмоновты «ақымақ» деп атады. 

Хамзат Чимаева 2022 жылдың қыркүйегінде соңғы жекпе-жегін өткізіп, америкалық Кевин Холландты қылқындыру әдісімен жеңген. Оның келесі қарсыласы туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ. Ал Рахмонов 4 наурызда америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!