Белгілі актер Нұртас Адамбай 2023 жылдың басын Сауд Арабиясында қарсы алды. Дінге бет бұрған ол кіші қажылықта жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұртас Адамбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Катарда өткен әлем чемпионаты туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, миллиондаған жанкүйер жібермей көретін футболдың пайдасынан көрі зияны көп. 

“Менің ойымша, футбол көру бекершілік қана емес, адамға белгілі бір деңгейде зиянын тигізеді. Футбол – құр уақыт жоғалту. Сондай-ақ, мұсылман елінен келген команда мүшелерінің әуретті жерін көрсетіп, шолақ шалбармен жүгіріп жүргені Алланың бұйрығына қарсы келу деп есептеймін. Қайтып келмейтін уақытты жақсы амалдар жасап, намаз оқып, адал еңбекпен отбасымызды асырауға жұмсаған жөн”, – дейді режиссер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!