Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттағы мансабын аяқтамайтынын айтып, жалған ақпарат таратпауды өтінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Менің бірде-бір жазбамда спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жазылған жоқ… Біреу Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруді аяқтағаным туралы ақпаратты таратқаны өте өкінішті», – деп жазды спортшы Instagram-да.

Рыпакова үлкен жарыстардан кейін спортшылар әрдайым демалып, қалпына келуі керек, жеңістер мен жеңілістерден кейін келесі кезеңге дайындалу керек екенін айтты.

«Мен де дайындаламын, өйткені кез келген жастағы спортшы үшін жарыс – бұл өнер көрсету мүмкіндігі. Алда биыл да, келесі жылы да қызықты жарыстар бар…

Мен журналистер мен блогерлерден жалған ақпарат таратпауды сұрағым келеді. Менің жанкүйерім спорттағы мансабымды аяқтасам, ол туралы бірінші болып біледі. Себебі мен сіздердің әрқайсыңызды бағалаймын және сіздің қолдауыңыз үшін ризамын», – деп қосты спортшы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!