Францияның бас шаһары – Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына жаңа 4 спорт түрі қосылатын болды.
Атап айтар болсақ, келесі төртжылдықтың басты додасында скейтбординг, шыңға өрмелеу, серфинг және брейк-данс спортшылары Олимпиада көрігін қыздырмақ. Енді Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) жарысқа қатысатын спортшылардың санын 10,5 мыңнан асырмау туралы шешім қабылдаған.
ХОК-тың 7 желтоқсанда өткен жиынында ауыр атлетика мен бокс бағдарламасының квота саны қысқарғаны да белгілі болды. Зілтеміршілердің допинг-сынамалары оң нәтиже көрсетіп, ХОК Халықаралық ауыр атлетика федерациясындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері өршіген соң осындай қадамға барса, бокс спортында гендерлік теңдікті сақтау үшін ерлер бәсекесінен тағы да бір салмақты қысқартып, оны әйелдер боксына берген. Бұған дейін де ерлер боксынан екі салмақ дәрежесі қысқарып, әйелдер боксына қосылған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!