Алматы қаласында бокстан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жалауы желбіреді.

Республикамыздың әр өңірінен жиналған дарынды жастар  46 келі, 49 келі, 52 келі, 56 келі, 60 келі, 64 келі, 69 келі, 75 келі, 81 келі, 91 келі және +91 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жүлделерді сарап­қа салады. Аталмыш жарысты Қазақстан бокс федерация­сы ұйымдастыруда.

Алматыдағы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар халықаралық додада Қазақстанның намы­сын қорғайды. Атап айтсақ, 10-24 сәуір аралы­ғында Польшаның Кельц қаласында өтетін әлем бірін­ші­лігінде жарыс жеңімпаздары өнер көрсетеді.