29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана әлемдік фиджитал спорттың орталығына айналады. Осы күндері елордада «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан атынан ұлттық іріктеуден өткен 11 команда қатысады. Олар Team Spirit, T1, Team Falcons, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu секілді әлемге танымал клубтармен бақ сынасады.
Қазақстан намысын қорғайтын командалар:
Battle Royale (PUBG: BATTLEGROUNDS) – DIGA Esports;
Phygital Shooter (CS2) – NOVAQ және Team KZ;
MOBA PC (Dota 2) – Rune Eaters;
MOBA Mobile (MLBB) – Rune Eaters;
Phygital Basketball – PBC Astana және GTB KZ;
Phygital Football – ACF x Allur және UEL Team;
Phygital Fighting – Future Nomads;
Phygital Dancing – Гүлназ Аманғали.
Министрліктің мәліметінше, турнирге әлемнің 50-ден астам елінен 800-ден астам спортшы қатысады. Дода барасында сегіз спорт түрі бойынша 4,75 млн доллар жүлде қоры сарапқа салынады.
Жарыстар елорданың төрт спорт нысанында өтеді: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында, Beeline Arena ұлттық теннис орталығында және «Барыс Арена» мұз сарайында.
Турнирдің ашылу салтанаты «Жібек жолы», Qazsport және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!