Геннадий Головкин Жәнібек Әлімханұлын WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Отандасының спорт мансабындағы тамаша жетістігіне орай WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин «Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын, жақсы жаңалық. Қазақ чемпиондары көбейе берсін. Құттықтаймын!» деп жазды.

«Рақмет, бауырым», – деп жауап берді жаңа әлем чемпионы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтаған болатын.
 
Президент өз құттықтауында әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өткен. 

Еске салайық, орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы деп танылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!