Ешкімнен жеңіліп көрмеген қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы Изим Избакидің (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметінше, Изимнің рингке оралуы 10 ақпанға, АҚШ-тың Коннектикут штатында жоспарланған. Ал жекпе-жегі өтетін орны мен қарсыласы кім болатыны әзірге айтылмайды.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазан айында, Американың Мичиган штатының Флинт қаласында өткізген еді. Онда ол бірінші раундта жергілікті боксшы Трой Олбрингті (0-3) нокаутқа түсірді.

26 жастағы Избаки кәсіпқой бокс алаңына алғаш рет 2018 жылы Эстонияның Таллин қаласында шықты. Онда Изим Бенларусь боксшысы Олег Заблоцкийді (0-9) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!