Бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүйелі жұмыс істеп жүрген ұйымның бірі ‒ «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы.

Қазақ тілін білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналдыруды мақсат еткен қоғамдық бірлестік 32 жылдан бері жеке ұйым ретінде еңбек етіп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарын ортаға салды. Сәдуақас Әбдіқадырұлының айтуынша, қазір қала ішіндегі қоғамдық көлік аялдамаларына қазақша атау беру мәселесі қолға алынған. Ұйым бұл бастамасын облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы жүзеге асыруда.

Айта кетейік, осыған дейін «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы аялдамаларға қазақтың зиялы қауым өкілдерінің суреттерін қоюды  алғаш болып ұсынған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!