«Шиелі аналары» қоғамдық қорының төрайымы Гүлзинат Сағындықова қамауда.

Қайырымдылық шараларының басы-қасынан табылған күдікті сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

30-дан астам отбасыға қайырымдылық есебінен тұрғын үй алып берген қор төрайымы қызметі үшін әрқайсысынан 2 миллион теңге шамасында ақша жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

 
«Шиелі ауданының полиция бөлімімен Г.Сағындықоваға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, Шиелі аудандық сотының қаулысымен күзетпен ұстау санкциясы берілді, тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде«, – деп мәлімдейді құзырлы органдар.