Мемлекет басшысы былтыр ғана мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып, клиентке бағдарлануы үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өтті.

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысындағы Департаменттері мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен Қызылорда өңіріндегі мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кең бағытта жиын өтті.

Аталған жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, Мемлекеттік қызметі істер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, сондай-ақ Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы филиалы басшылары қатысты.

Бүгінгі күні қоғам мемлекеттік қызметшілерден біліктілігімен қатар олардың әдептілігін, адалдығын, адамгершілік қасиетін және жоғары мәдениеттілігін талап етеді.

– Мемлекеттік қызмет – әрқашан да халықтың көз алдында. Қызметте ме, әлде қызметтен тыс уақытта ма – мемлекеттік қызметкер әрқашан халықтың назарында болады. Қазіргі таңда мемлекеттік аппарат халықтың әл-ауқатын арттыруға жинақы әрі тиімді маңызды рөл атқарып келеді және ең бастысы – азаматтардың сенімінен шығуға басты назар аударады. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартып, кері байланыс жасай білуі тиіс, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі И. Аметов өз баяндамасында.

Қазақстан ТМД елдерінің ең алғашқысы болып, 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілердің Этика кодексін бекітті. Сол кезден бастап, мемлекеттік қызметте жаңа принциптер мен қарым қатынастың жаңа жүйесі қалыптасты.

Уақыт пен заман талабының өзгеруіне байланысты, 2015 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қабылданды. Ал, 2022 жылдың 22 ақпанында № 814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!