Фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтарға қолайсыздық тудырған аяздың беті қайтпай тұр.

Болжамға сәйкес суық солтүстік ағындары бар ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынды болмақ. Оңтүстік антициклонның ықпалынан жаңбыр, қар жауып, жел мен бұрқасын күшейеді.

Дегенмен циклон оңтүстіктен болса да, аяз сынып, күн айтарлықтай жылиды деу қиын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!