Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 км қашықтықта блған.
1995 жылғы Nissan Maxima көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен.
«Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ақпаратта.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!