Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы арнасында 15 маусымда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өткені хабарланды.

«Биыл ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесінде Астана-Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді», – делінген хабарда.

Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды «Эйр Астана» әуекомпаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) «Эйрбас-А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.

«Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады», – деп хабарлады комитет өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!