Фото: azh.kz

Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгін облыс әкімі осындай шешім қабылдады, – деп хабарлады Kazinform.

«Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсы. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», – делінген облыс әкімінің шешімінде.
Бұған дейін мұндай төтенше жағдай Қызылқоға және Жылыой ауданында жарияланған. Қазір екі ауданда да төтенше жағдай сақталып отыр.

Облыстық желед штабтың мәліметінше, Құлсары қаласындағы «Атырау», «Достық», «Мирас», «Жадырасын», «Мерей», «Шұғыла», мешіт маңы ауылынан 31 наурыздан бері 29 545 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Оның 7 396-сы бала. Эвакуациялық пункттерге 8 011 адам орналастырылды. Олардың 4 578-і – балалар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!