Фото: ДЧС Карагандинской области

Sputnik. Республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда қозғалыс шектелді.

«10 наурыз сағат 08.00-дегі жағдай бойынша 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол:»Қызылорда-Павлодар» – Ұлытау обл.шек-Топар к. (автокөліктің барлық түрі үшін).

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол:»Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (автокөліктің барлық түрі үшін).

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 543 км болатын 2 автожол:»Жезқазған-Петропавл» – Жезді а-Қостанай обл.шек.»Қызылорда – Павлодар» -Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шек. (автокөліктің барлық түрі үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 км-ге немесе бүкіл желінің 2,98%-іне қолданылады. Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды, деп мәлімдеді ҚазАвтоЖол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!