Аikyn.kz. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде туристік полиция бөлімдері пайда болады. Бұл туралы ІІМ Ержан Сәденов мәлімдеді.

Биыл туристік полицейлер 5 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті. Олардың міндеті – шетелден келген меймандардың жайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазір 12 өңірдегі 30-дан астам туристік нысанда туристік полиция қызмет көрсетеді. Биыл оларға 5000-ға тарта азамат жүгінді. Елордадағы көрікті орындар аумағында туристік полиция қызмет көрсететін 4 стационарлық бекет бар.

Тәртіп сақшылары шетелдік туристердің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Нысандарда бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған. Сондай-ақ туристік полиция қызметкерлері 2,5 мыңға жуық қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!