Фото: khabar.kz

Танымал журналист Жайнагүл Төлеміс «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы телеарна ресми сайтында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Телеарна ақпаратынша, Жайнагүл Төлеміс 1984 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылында дүниеге келген. Бек Сүлейменов атындағы орта мектептің түлегі.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Журналистика» мамандығын бітірген, осы университеттің PhD докторанты.

Колумбия өнер және ғылым колледжінің «Медиа және коммуникациялық зерттеулер» мамандығы бойынша түлегі. Американың Джордж Вашингтон университетінің «Медиа және саяси стратегиялық коммуникациялар» факультетін бітірген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!