Сурет: pixabay

Денсаулық сақтау министрлігі 29 ақпанда қанша бала дүниеге келгені туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 29 ақпанда сағат он екіге (00.00) дейін Қазақстанда 803 сәби дүниеге келді, оның ішінде екі егіз, 392 ұл және 411 қыз бар.

«Тәуліктік туу бойынша ерекше көшбасшы Түркістан облысы болды, онда 118 бала дүниеге келді, содан кейін Алматы қаласы – 81 нәресте және республиканың астанасында 79 сәби дүниеге келді. 2024 жылғы қыстың ең ұзақ соңғы күнінде туған сәбилерді құттықтаймыз, оларға зор денсаулық және бақытты болашақ тілейміз», делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылы 1 наурызда Қазақстан бойынша бірыңғай уақыт белдеуі: UTC + 5 орнатылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!