Фото: vk.com

Қазақстанда халық саны қаншаға өскені белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистикалық бюросы 1 қаңтар мен 1 ақпан аралығындағы халық саны туралы ақпарат берді.

1 қаңтардағы статистикаға сәйкес елімізде 20 053 665 адам тұрады. Ал бір ай ішінде қазақстандықтар саны 20 119 адамға өскен.

Ең көп халық Алматы қаласында тіркелген. Қазір мегаполисте 2 234 963 адам тұрады.

Ал екінші орында – Түркістан облысы. Ол жақта 2 142 058 адам және Алматы облысында 1 532 985 халық тіркелген.

Қазақстандағы миллионнан аса халқы бар қалалар мен облыстарға бас қалада 1 437 645 адам тұрса, үшінші мегаполис Шымкентте 1 222 055 адам тіркелген. Жамбылда – 1 222 618 адам және Қарағанды облысында 1 135 048 халық өмір сүреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!