Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
Sputnik. «СК-Фармация» ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма басшысы қызметіне 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалды. 2016 жылдан бері тәуелсіз директор ретінде компанияның бақылау кеңесі құрамында болған. Оған дейін «ҚТЖ», «БРК-Лизинг», «Қазтеміртранс», «»Самұрық-Қазынада», сондай-ақ сауда және индустрия вице-министрі болды.
2020 жылы Әлеуметтік желілерде «СК-Фармация» компаниясында жауапты қызметтегі адамдар туыс екені туралы ақпарат тараған. Сол кезде «СК-Фармация» ЖШС компания басшысы Ерхат Есқалиев пен бақылау кеңесінің хатшысы Азат Есқалиев туыс деген ақпаратты жоққа шығарды.
Сол жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертеңінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен «СК-Фармация» ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.
«СК-Фармация» – дәрі-дәрмекті сатып алып, медициналық заттармен қамтамасыз ететін Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!