Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы ойындар 13 және 14 сәуір күндері өтеді. Жарыстың аталған сатысында Премьер-лиганың 13 клубымен бірге бірінші кезеңде үздік шыққан үш команда бақ  сынайды.

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалына қатысатын барлық команда анықталды. Жарыстың бірінші кезеңінен «Оңтүстік академиясы», «Тараз» және SD Family (Астана) командалары жолдама алды.

«Оңтүстік академиясы» Петропавлдың «Қызылжар», «Тараз» Шымкенттің «Ордабасы», SD Family «Атырау» командасымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, жарыстың аталған сатысында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай), астаналық «Жеңіс» пен «Астана», «Қайрат» (Алматы) мен «Тұран» (Түркістан), «Елімай» (Семей) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған) клубтары жасыл алаңға шығады.

Айта кетсек, 1/8 финалда әрбір жұптағы жеңімпаз бір ойын арқылы анықталады. Кездесу жеребеде бірінші көрсетілген клубтардың алаңдарында ұйымдастырылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!