Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ауданның көшелердің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізушінің 16.02.2021 жылы ҚР ӘҚБтК 608/3-б. 7 жылға сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды.

Медициналық сараптама қортындысына сәйкес 28 жастағы жүргізушінің «орта» дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.