Қазақстандағы жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы мен сұранысына талдау жасаған Krisha.kz ресурсы пәтерақы дүрбелеңі бәсеңдегенін хабарлады.

Мониторингке сенсек, 5-12 қазан аралығында жеті қалада пәтерақы бағасы керісінше сәл түскен.

Атап айтсақ, Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Астана, Қостанай, Атырау қалаларында пәтерақы 10% төмендеген.

Ал Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында пәтерақы әлі қымбаттап жатыр.

Пәтерақының шарықтау шегі:

– Алматыда – 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін;

– Астана – 5 қазаннан бастап;

– Орал – 2 қазаннан бастап тіркелді.

Алматыда нарық құрылымының өзгеруіне және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты төмендеу әлі байқалмай отыр.

Бір қызығы, Түркістан, Тараз, Көкшетауда пәтерақы мен сұраныс өзгермеген деуге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!