Kyzylorda-news.kz. Қызылорда полицейлері облыстың оқу орындары арасында «Есірткі – зұлым!» атты челленджін ұйымдастырды. Оны мұғалімдер, ата-аналар, түрлі қызмет салаларының өкілдерімен студенттер, оқушылар қолдады.

Челленджге полиция қызметкерлері мен медицина өкілдері де қосылды. Бұл челлендждің мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың есірткіге теріс көзқарасын дамыту. Челлендж қатысушылары «морфинг» эффектісін пайдаланып бейнероликтер түсіріп, онда «Есірткі-зұлым! Біз есірткіге қарсымыз! Бізбен бірге бол!» үндеуін ұстанатындардың бейнелерін көрсетті. Челленджге 26 оқу орны мен 1000-нан астам адам қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!