Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық сотталған есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, олардың ішінде кәмелет жасқа толмағандар мен әйел азаматшалар да бар. Пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың қоғамда өзін шет сезінбей қалыптасуы үшін, өмірге деген құлшынысын арттырып, жігерлендіру мақсатында пробация қызметкерлері ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осындай профилактикалық жұмыстарға қарамастан жаза өтеу тәртібін өрескел бұзатын сотталғандар кездеседі.

« Есептегі азаматтар арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, тәрбиелік жұмыстардан нәтиже шығармай, пробация инспекторларының ескертулеріне құлақ аспаған азаматтарды пробация қызметінің ұсынысы негізінде сотқа жолданады. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберіледі. Жыл басынан Қызылорда қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған 15 сотталған жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру мақсатында сотқа ұсыныс жолданған. Сот қаулысымен 6 сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді. Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары сотпен қаралуда», – дейді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Жалғас Есмаханов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!