Фото: видеодан алынған кадр
Қазақстанда қар жауып, салдарынан республикалық маңызы бар тасжол жабылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, 25 мамыр таңертең Екатеринбург – Алматы Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде Колутон станциясынан Новочеркасское ауылына дейін 1080-1140 шақырым аралығында көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабық. Мұның себебі ауа-райының қолайсыздығы, яғни, қардың түсуі және температураның төмендеуі.
Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы учаскелерде автожолдардың жабылды:
- «Екатеринбург – Алматы» 1080-1140 шақырым (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы);
- «Егіндікөл – Жолан» 0-61,3 шақырым;
- «Новочеркасское – Егіндікөл – Жантеке» 43-119 шақырым, 2;
- «Жалтыр-Макинск» 0-38 шақырым;
- «Новочеркасское – Егіндікөл – Жантеке» 0-43 шақырым;
- «Новочеркасское – Егіндікөл – Қайнар» 0-52 шақырым.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!