Семей қаласында кәріз құдығынан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі кәріз құдықтарының бірінен екі ер адамның мәйіті табылған.

Алдын ала дерек бойынша, олар құдықтағы газға уланып көз жұмған.

«Полицияға хабарласқан куәгерлер мәйіттерді «Роща» аялдамасына жақын жердегі кәріз құдығынан тапқанын айтады. 21 шілдеде қалалық ПБ Затон полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Соның аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Істің бүкіл мән-жайын зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!