Конституциялық референдумды өткізуге санаулы уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай, белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы.

Референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн деп ойлаймын. Өйткені қоғам арасындағы күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті мемлекет басшысы сөзден гөрі іске баса назар аударып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешімдер қабылдап отырғаны анық.

Бүгінгі таңда еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр. Әрине өзгерістен оң нәтиже болу үшін халықтың пікірі маңызды.  Міне, ең бастысы бұл референдумда халықтың пікірі ескеріледі. Олай болса, Жаңа Қазақстанды құру сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан ел тарихындағы елеулі оқиғаға өз үлесімізді қосып, мемлекет басшысының осы ұсынысын қолдауға шақырамын!

Диана ҚАНАТБЕК,

Көркем гимнастикадан ҚР спорт шебері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!