Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ораза тұтқан оқу орнының қызметкерлеріне ауызашар берілді. Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова жиналған қауым алдында сөйлеген сөзінде Қасиетті Рамазан айының халықты береке-бірлікке шақыратынын айтты. Ислам дінінің өркениет құндылықтарын, бейбітшілік ұғымдарын насихаттайтынын атап өтті.

Оқу орны қонағы Біріккен Ұлттар Ұйымының экология және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі, Орталық Азиядағы волонтері Роберто Болтри Наурыз мерекесімен құттықтап, іс-сапары қазақтың ұлттық мерекесіне орай сәйкес келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Университет ардагерлері ақ батасын беріп, құран бағышталды.

Сауабы мол берекелі дастархан басында Рамазан айының қасиеті ұлықталып, ораза ұстаудың дәрежесі дәріптелді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!