Бұрынғы өткен заманда сиқырлы құдық болыпты. Сиқырлы құдықтың жанындағы тұрғындар үш күннен бері сусыз отыр екен. Тұрғындар ол құдықтың сиқыры бар екенін білмепті. Бір күні сол құдықтың басына Омар есімді бір бала келіпті. Омар сол құдыққа барып:

– Ааа, – деп, айқайлап көреді. Құдық қараңғы болатын. Омар бұл құдықта не бар екен деп ойлайды. Сәл тұрып:

– Қой, мен неге отырмын, осы құдыққа тас лақтырсам не болады екен? – дейді. Содан Омар құдыққа тас лақтырады, тастың алысқа түскен дыбысы естіледі. Омар ойланып, атасынан арқанды сұрап, осында алып келмекші болады. Атасынан арқанды сұрайды, атасы оны неге сұрағанын білгісі келеді. Омар не деп жауап берерін білмейді де үйден шығып кетіп, қайта кіріп, оны көрші баланың сұрағанын айтады. Атасы сәл ойланып, Омарға арқанды кешіктірмей қайта әкелуін ескертіп тапсырады. Омар қуанып кетеді. Содан Омар құдық жанына барып, арқан бай­лай­тын жер іздей­ді. Құдық жа­нын­да үлкен кәрі тал бар екен, соған арқанын байлап, құдықтың ішіне түседі. Іші қараңғы болғандықтан қайта шығады. Омар біраз тұрып, құдыққа қарап:

– Егер сенің ішіңде су болғанда, мен атамды қуантар едім, – депті. Содан үйіне қайтып кетеді. Ертеңіне қайта құдық басына келеді. Содан отырып Құдайдан жалбарынып су сұрайды. Сәлден соң әлгі құдықтың іші өздігінен суға тола бастайды. Омар құдықтың ішін қараса, су бетіне шығып тұр екен. Сонда Омар бар бол­ға­ны оның Құдай­дан су тілеге­нінен кейін, құдықта судың пайда болғанын түсінеді. Омар қуанып, атасына құдық ішіндегі судың қалай пайда болғанын айтып береді.

Атасы қуанып:

– Балам, сен елімізді шөлден құтқардың, елдің қамын ойлап, суды Жаратушыдан ерекше ықыласпен сұрадың, сол үшін Құдай сенің тілегіңді қабыл етті – дейді.

– Үлкен азамат болғанда елдің игі ісімен айна­лысатын боласың – деп, атасы немересінің арқасынан қағып, мақтайды. Содан бері Омар жақсы азамат болып өсіп, ел ісіне белсенді арал­асып, халқына адал қызмет етеді.

Сая МАХАМБЕТАЛИЕВА,

И.Панфилов атындағы

№5 мектеп-лицейдің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!