2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда пойыз билеттері 7%-ға қымбаттайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫМБАТТАУ

Тарифтің өсуі барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттарға, сондай-ақ бірқатар қала маңына қатынайтын пойыздарына әсер етеді.

ТҮСІНІКТЕМЕ

“Жолаушылар тасымалы” АҚ ресми түсініктеме берді. Компания өкілдері бағаның көтерілуі “Теміржол көлігі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіліп отырғанын мәлімдеді.

– 2025 жылдың 1 наурызынан бастап барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарының тарифі 7%-ға көтеріледі. Бұл өзгеріс тасымалдаушы шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады, делінген компания хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!