Kyzylorda-news.kz. Әлемде азық-түлік бағалары индексі рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріккен ұлттар ұйымы келтірген дерекке сәйкес, наурыз айында ішіп-жем құны 2014 жылдың маусымынан бері болмаған деңгейге өсіпті. Оған негізінен өсімдік майы бағасы индексінің көтерілуі себеп болған. Ақпан айымен салыстырғанда ол 8%-ке қымбаттапты. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мамандар «мұндай жағдай биодизель отынын өндірушілер тарапынан болатын тұрақты сұраныспен байланысты», дейді. Бұдан бөлек, олар сүт өнімдері бағасының индексі 3,9%-ке өскенін айтады.