Мемлекет басшысы сөз сөзлейтін халықаралық ауқымдағы шараны БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 21:30-да президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақөшасында жазды.

«Мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және Ямайканың премьер-министрі Эндрю Холнесс мұрындық болды», – делінген хабарламада.

Ал жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады.

Sputnik.kz