Волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар конкурсының жеңімпазы – «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қоры және Талсуаттағы мүгедектерді оңалту орталығы бірлесе, «Үйренуден жалықпа» әлеуметтік бейімдеу бөлмесін жабдықтап, ашылу салтанатын өткізді.

Қор жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы мұрындық болған бастаманың берері мол. Ол қызмет алушыларға өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалпына келтіруге, мүгедектігі бар ерекше жандарға мүмкіндігін жүзеге асыруға, өзіне сенімді болуға және басқа адамдармен тығыз байланыста өмір сүруге мүмкіндік береді.

Шара барысында бейімдеу бөлмесіне алынған қажетті құрал-жабдықтар таныстырылды, ерекшеліктері тарқатып айтылды.

Басқосу мұнымен шектелген жоқ. Ерекше жандар ерекше концерт ұсынып, келушілерге әннен шашу шашты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!