23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Медицина саласына үлес қосқан Артықовтар әулеті №335 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Бұл әулеттің медицина саласындағы еңбек жолы 1930 жылдан бастау алады. Содан бері бірнеше буын өкілдері ақ халатты абзал жандар қатарында қызмет етіп, ел денсаулығын сақтау ісіне өз үлестерін қосып келеді. Бүгінде әулеттен 10-нан астам дәрігер шығып, олардың әрқайсысы медицина саласында абыройлы еңбек етіп жүр.
Сайлау күні Артықовтар әулетінің мүшелері азаматтық белсенділіктерін танытып, елдің болашағына қатысты маңызды таңдауға өз үлестерін қосты.
«Біздің әулет үшін елге қызмет ету ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүр. Бүгінгі таңдауды да еліміздің болашағы үшін маңызды қадам деп білеміз», – дейді әулет өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!