Қызылорда облысындағы Жас сайлаушылар клубының мүшелері Құрылтай сайлауында белсенділік танытып, өз сайлау учаскелерінде дауыс берді.

Бүгінде өңірде 150-ге жуық Жас сайлаушылар клубының мүшесі бар. Олар жастардың электоралдық мәдениетін арттыруға бағытталған бастамаларға тұрақты қатысып, сайлау жүйесіндегі түрлі ақпараттық-ағартушылық жобалардың жүзеге асуына өз үлестерін қосып келеді.

Сайлау күні де клуб мүшелері азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп, өздерінің конституциялық сайлау құқығын жүзеге асырды.

Сонымен қатар, клуб мүшелері сайлау учаскелерінде автоволонтерлік көмек көрсетуге атсалысып, дауыс беруге келетін азаматтарға қолдау білдіруде.

Жастардың сайлау процесіне белсенді қатысуы – олардың елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!