Бүгін Қызылорда өңірінің тұрғындары үшін әдеттегі жексенбі емес. Аймақ халқы ел үшін маңызы бар республикалық Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділік танытуда.
Облыстағы 386 сайлау учаскесінде тізімге сай тіркелген азаматтар бюллетень алып, дауыс беруде. Олардың қатарында 18 жасқа толып, тұңғыш рет науқанға жастар да бар.
Олар бірінші рет бюллетень алып, өз таңдауларын жасап көрді.
Дауыс беруді үлкен жауапкершілік деп қараймын. Еліміздің өркендеуі, мемлекет үшін маңызды істерді жастар бізден бірінші жүруіміз керек. Бір топ жастар болып өз таңдауымызды жасауға келдік,- дейді жас тұрғын.
Еске салайық, Құрылтай сайлауы күні облыс бойынша 500 591 азамат дауыс беруге құқылы.
Облыста 386 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2720 комиссия мүшелері қызмет атқарады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!