Kyzylorda-news.kz. Әйел – отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады.

«Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек. Мереке қарсаңында қалалық пробация есебіндегі әйел-азаматшалар да назардан тыс қалған жоқ.
  Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Б .Жұмаш , Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев,  ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің  төрағасы С.Жамуров, «Probono» қоғамдық қоры  есептегі азаматшаларды  «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, құқықтық түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.
Департамент бастығы Ш.Есенкелдиев пробация есебіндегі азаматшаларға  өмірде кездесетін қиындықты жеңе білу үшін сарқылмас күш-жігер, қажымас қайрат пен келешекке деген сенімділік, отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін деп жылы лебізін жеткізді.