massaget.kz

Қоғамда ене мен келін қарым-қатынасына қатысты проблема бей-жай қалмайды. Жаңадан отбасын құрғаннан кейін түрлі проблема болып жатады. Оның ішінде келіннің енесімен сыйыса алмай жатуы да бар. Одан бөлек, кейінгі кездері ененің екі жастың мүлкін өз атына жаздырып алуы да жиі кездесуде. Massaget.kz тілшісі психолог Алмагүл Манаппен сұхбаттасып, ененің келінді немесе келін енені неліктен бірден жатсынатынын сұрады.   

Ең алдымен психолог енелер келінді немесе күйеубаласын неліктен жатсынуы мүмкін екенін түсіндірді. 

«Психологиялық тұрғыдан: енеде қызғаныш сезімі балалық позициядан болады. Менің меншігімді иемденіп алды деген ойдан туындауы мүмкін. Сыншыл ата-ана позициясынан ол (келіні не күйеубаласы) лайық емес деп құнсыздандыру тұрғысынан солай жасайды», – дейді маман. 

Психолог кеңес одағы кезінде көп қиындық көріп, келін болған бүгінгі енелер келінінің өмірін «тозаққа» айналдыруға тырысады деген түсінікке қатысты да ойын айтты. 

«Бұл жерде де қызғаныш, маған тиесілі өмірді сен сүріп жатырсың деп келінге ашуы келеді. Өзімен салыстырып құрбан позициясынан қарап, бұрын енесіне шығара алмаған ашуын келіннен алғысы келеді», – дейді психолог.

Алмагүл Манап екі жастың мүлкін (үйін, көлігін, немесе басқасын) өзіне жаздырып алуға не себеп болуы мүмкін екенін айтты. 

«Қорқыныш, менің дүниемді иемдегіп, тартып алады деген көре алмаушылық. Билік үшін талас, қудалаушы позициясындағы-адуын тиран ана осындай қылықтарымен әйгілі. Әдетте өзіне сенімсіз, балалығында, не тұрмыста сатқындық көрген адам осылай жасайды. Ондай себептер өте көп болуы мүмкін, кейде бұл отбасылық жеке шекараны бұзушылық да болады», – дейді маман.

Психолог мұндай жағдайда екі жас бұл мәселені қалай шешу керегін түсіндірді. 

«Түсіндіру, сөйлесу әрбір отбасы мүшесінің құндылығын атап өтіп, анасы, енесінің отбасылық шекараны бұзбауын өтіну. Ананы ересектікке шақырып ол кісіні құнсыздандырмай, салыстырмай, өз сезімдеріңіз арқылы жеткізу. Бұл тек сөйлесу, коммуникация арқылы ғана шешілетін проблема», – дейді Алмагүл Манап.

Оның сөзінше, көмек сұрайтын 10 адамның бесеуі енемен қарым-қатынас проблемасымен келеді екен. 

«Иә, ондай жағдай маған келген 10 ханымның 5 бар. Ол енелер әдетте психологқа баруды ерсі қылық көріп, алдын ала жоспарлаған уақытында жібермей, баламның басын айналдырып алып бәле болдың деген сөздермен ұрыс-керіс шығарады. Өкінішті-ақ, айтарым: енелерге сіздің балаңыздың бақыты – сіздің ересек позицияда бола білуіңізде, терапияға барып үйреніңіз. Келін ересек позицияда болу, өз шекарасы мен отбасы шекарасын қорғауға күйеуінің де атсалысып, көмектесуін әрдайым ескертіп сұрау», – деп түсіндірді психолог.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!