Нұр-Сұлтанда, Алматыда және елдің тағы екі облысында қатаң карантин шаралары енгізілді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына індеттің жылдам таралуы себеп болды 

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстан COVID-19 індетінің таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Мұндай дерек 2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында келтірілген.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды ​​облыстары.

«Жасыл» аймақта –  қалған өңірлер.

Айта кетейік, кеше Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді.

Sputnik