фото: ашық дереккөзден алынды
2026 жылдың маусымында қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) бұрын-соңды болмаған қарқынмен аудара бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Маусым айында БЖЗҚ 11,9 мың өтінішті орындап, жеке басқарушыларға 14 миллиард теңге аударды. Демек мамыр айымен салыстырғанда өтініш саны 2,1 есе, ал аударылған қаражат көлемі 3,2 есе артқан. Бұл – 2021 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Сарапшылардың пікірінше, белсенділікке зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс әсер еткен. Маусымда тұрғын үй мен емделуге пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі көтерілді. Сонымен қатар қыркүйектен бастап азаматтарға зейнетақы жинақтарының 100%-ын жеке басқаруға беру мүмкіндігі енгізілетіні хабарланды.
Дегенмен жеке басқарушылардың үлесі әлі де аз. 1 маусымдағы мәлімет бойынша, олардың басқаруындағы активтер 110 миллиард теңгені, ал Ұлттық банктің басқаруындағы қаражат 26,4 триллион теңгені құрайды. Қазір елде зейнетақы активтерін басқаратын алты жеке компания жұмыс істейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!