Фото: ҚР ҰОК
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир жалғасып жатыр, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Қазақстандық «классик» Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта ұлттық құрама қоржынына қола медальді салды. Жерлесіміз шешуші белдесуде Славик Галстянды (Армения) жеңді.
Ал Алтын Шағаева 59 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде норвегиялық Отелия Хёйеге жол берді.
ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ 62 келіге дейінгі салмақта Ирина Кузнецова қола жүлде үшін өткен айқаста үндістандық Савитадан жеңілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!